"Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша  білім бөлімі Петриковка ауылының бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Начальная школа села Петриковка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ПЕТРИКОВКА БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

САНДЫҚТАУ АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ПЕТРИКОВКА БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Бұл ережелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің типтік ережелері» бұйрығына және «Петриков бастауыш мектебі» ММ жарғысына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңес жұмысының тәртібін айқындайды.

1.2 Қамқоршылық кеңес мектептегі алқалық басқару түрлерінің бірі болып табылады. Сайлау тәртібі мен оның құзіреттілігі мектеп жарғысымен анықталады.

1.3 Қамқоршылық кеңес мектеп жарғысына және Қамқоршылық кеңес туралы Ережеге сәйкес мектепте оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, білім беру үрдісінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуін жақсарту, мектеп қызметін қаржылай қолдау, басқару органдарымен, мекемелермен, ұйымдармен, кәсіпорындармен тиімді қатынас орнату саласында көмек беру үшін құрылады.

1.4 Қамқоршылық кеңес мектептің әдістемелік кеңесінде қарастырылатын және мектеп директорымен бекітілетін ережелер негізінде әрекет етеді.

1.5 Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

1.6. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕР

2.1 Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты білім беру үрдісіне қатысушылардың оқыту, тәрбиелеу, өмірі мен қызметі сапасын арттыру болып табылады.

2.2 Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:

1) мектептің үздіксіз қалыптасуына және дамуына жәрдем ету;

2) оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге және білім сапасын арттыруға қатысу;

3) мектептің оқу-материалдық және техникалық базасын нығайту;

4) жаңашыл және ғылыми-зерттеу қызметті қолдау;

5) қазақстандық патриотизмді, азаматтылықты, толеранттықты, рухани-адамгершілік, дені сау және әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін тәрбие жүйесін жақсартуға көмек беру;

6) қаржылай, материалдық және қолдаудың басқа да түрлерін іске асырудың түрлерін біріктіру;

7) мектептің қызметін қамтамасыз ету және дамыту үшін қосымша ресурстарды жұмылдыру. 

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ӨКІЛЕТТІГІ

3.1. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің  құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымының басшысы бос қызмет орнына үміткерлермен сұхбаттасудың қорытындысы бойынша келісім жасайды және хаттамалық шешім шығарады;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып,  олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

 

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІ САЙЛАУ ТӘРТІБІ МЕН ҚҰРАМЫ

4.1. Мектеп әкімшілігі өзінің интернет қорында және/немесе әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыру орналастырады.

4.2. Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.

4.3. Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1)  жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

4.4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

4.5. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

4.6. Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

4.7. Қамқоршылық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша оның қызметін Қамқоршылық кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа Қамқоршылық кеңес мүшелерінің бірі жүзеге асырады.

4.8. Төраға Қамқоршылық кеңестің атынан әрекет етеді және осы Ережелерге сәйкес оның қызметін қамтамасыз етеді.

4.9. Қамқоршылық кеңестің жұмысын Қамқоршылық кеңес сайлаған хатшы атқарады.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС РЕГЛАМЕНТІ

5.1. Қамқоршылық кеңестің отырысын оның төрағасы өз бастамашылығымен, Қамқоршылық кеңес мүшесінің жалпы санының үштен екісінің бастамасымен шақырады.

5.2. Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.

Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.

Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.

5.3. Хабарламаны алған Қамқоршылық кеңестің мүшесі Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің Қамқоршылық кеңестің отырысына қатысатындығын немесе қатыспайтындығын Қамқоршылық кеңес хатшысына хабарлайды.

5.4. Қамқоршылық кеңестің төрағасы отырысты шақыру туралы ұсыныс түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Қамқоршылық кеңестің отырысын шақырады.

5.5. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.

5.6.  Қамқоршылық кеңестің отырысы, егер қамқоршылық кеңестің барлық мүшелері отырыстың өткізілу уақыты мен орны туралы хабардар болса және оған мүшелерінің кемінде жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын Қамқоршылық кеңестің басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді.

5.7. Білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің әрбір мүшесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие.

5.8. Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.

5.9. Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

5.10. Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.

5.11. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.

5.12. Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады.

5.13. Білім беру ұйымының қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері:

1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін - Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотына;

2) басқа ұйымдық-құқықтық нысаны түрінде құрылған білім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылады.

5.14. Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер келесі мақсаттарға пайдаланады:

  • білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсетуге;
  • беру ұйымының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге;
  • спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыруға.

5.15. Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.

  1. ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ

6.1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату:

1) тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымын таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.

6.2. Қамқоршылық кеңестің мүшесі:

1) Қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша;

2) білім беру ұйымындағы орнында төрт ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.

 

Жаңартылған күні: 28.05.2019 14:29
Құрылған күні: 28.05.2019 14:29

Текст